СҚО-да “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы өтіп жатыр

Авторы: Qyzyljar News

Полицейлер мен жұртшылық өкілдері “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы шеңберінде серіктестік туралы меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” республикалық акциясы шеңберінде “Отбасыдағы зорлық-зомбылық” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесуде “Әйелдер күштері Альянсы”, аналар мен ардагерлер кеңестері, “Қызылжар аналары”, “Ана үйі”, “Надежда, Вера, Милосердие” қоры, “Қазақ білім ордасы” балалар дамыту орталығы мен Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері бас қосты.

Қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллинің айтуынша, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жергілікті полиция қызметі бөліністері қызметкерлерінің ерекше бақылауында. Дөңгелек үстелде офицерлер мен өңірдің белсенді әйелдері өз пікірлерін айтып, проблемалық мәселелерді көтерді. Сондай-ақ оларды шешу жолдарын ұсынды. Бұдан бөлек, әйелдер мен балалардың, үй-күйсіз жүрген азаматтардың жағдайын жақсартуға бағытталған серіктестікті нығайтудағы мәселелерді шешудегі өз ойларымен және тәжірбелерімен бөлісті.

Кездесудің қорытындысы ретінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі, полиция мен “Әйелдер күштері Альянсы” заңды тұлғалар бірлестігі арасында мерзімсіз меморандумға қол қойылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz