Петропавл су құбырындағы апатты жою жұмыстары жалғасуда

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл су құбырындағы апаттың кесірінен 9 көпқабатты үй, нан комбинаты мен бірнеше жеке ұйымдар сусыз қалды. «Қызылжар Су» ЖШС кәсіпорны мердігерге материалдық залал келтірмек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Апаттың себебін бірден анықтау мүмкін емес. Алдын ала болжам бойынша, құбырдың жалғанған жері сөгіліп кеткен. Бір айта кетерлігі, мұнда былтыр жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы диаметрі 800 мм болатын 308 метр су құбыры ауыстырылды. Сметалық құны шамамен 101 млн. теңгені құрады. Кепілдік мерзімі-екі жыл, — деді «Қызылжар Су» ЖШС бас инженерінің орынбасары Ербол Нәбиев.

Бұған дейін жөндеу жұмыстарын елордалық «Ремстройсервис» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізген.
Ербол Нәбиевтің айтуынша, техникаға, жұмыс күші мен жанар-жағармай материалдарына кеткен шығындарды есептеу қажет. Кепілдік мерзімі әлі бір жыл барын ескерсек, материалдық залалды тікелей мердігер ұйым өтеуі керек. Апат болған жерде жөндеу жұмыстары түні бойы тоқтаған жоқ. Жұмыстар барлық тұтынушылар сумен қамтамасыз етілгенше дейін жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz