Петропавлда шайбалы хоккейден республикалық турнир өтті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында құқық қорғау органдары арасында шайбалы хоккейден республикалық турнир өтті. Оған облыстық полиция департаменті мен мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, сондай-ақ Астана, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Александр Винокуров атындағы спорт сарайында өткен іс-шараның салтанатты ашылуында турнир қонақтары мен қатысушыларына облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды турнирдің басталуымен құттықтады. Матч басталар алдында қатысушылар биыл 16 қарашада көпқабатты тұрғын үй кешеніндегі өртті сөндіру кезінде алған күйіктерден қаза тапқан Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушісі Асқар Забикулинді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Жарысқа келер болсақ, бірінші күні облыстық төтенше жағдайлар департаментінің «Қорғау» командасы мен «Арыстан» мамандандырылған күзет қызметі басқармасының командалары кездесті. Бұл ойын «Қорғау» командасының жеңісімен аяқталды. Кейін Ақтөбе облысы мен Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменттері өзара ойнап, онда елордалық қонақтар жеңімпаз атанса, Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті командасы мен «Арыстан» командасы арасындағы ойын мамандандырылған күзет қызметі өкілдерінің жеңісімен аяқталды.

Облыстық полиция департаментінің «Динамо» командасы Астана қаласының өрт сөндірушілерінен құралған команданы жеңсе, Солтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменттерінің арасындағы ойында теріскейліктер жеңімпаз атанды. Бірінші күннің соңғы ойыны Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаменті мен «Динамо» командалары арасында өтіп, онда облыстық полиция департаменті жеңді.
Финалған жолдама алған командалар екінші күні өзара бақ сынады. Турнирдің қорытындысы бойынша 1 орынды Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті иеленсе, 2 орын облыстық төтенше жағдайлар департаменті командасына бұйырды. Ал 3 орынға облыстық полиция департаментінің командасы тұрақтады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz