Петропавлда 2590 адам атаулы әлеуметтік көмек алады

Авторы: Qyzyljar News

Қалалық жұмыспен қамту орталығына атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен азаматтар жүгінуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі mtrk.kz арнасына сілтеме жасап.

– Жұмыспен қамту орталығында 116 адамның өтініші қаралуда. Оның ішінде 95 адамға тұрақты жұмыс орны қамтамасыз етілсе, үшеуі қоғамдық жұмыстарға жіберілді, — деді Петропавл қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Айнагүл Бұртыбаева.

Үш баланың анасы, 48 жастағы Алина Агафонцева ұзақ уақыт бойы жақсы жалақысы бар, өзіне ыңғайлы кесте бойынша жұмыс таба алмай жүрген. Қала тұрғыны уақытша жұмыс істейтін орындарға бармай, көмек алу үшін жұмыспен қамту орталығына жүгінді.

— Маған «қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы бойынша пробация қызметінде бос орын ұсынылып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Жалақысы 91 мың теңгені құрайды. Бұл қазіргі уақытта мен үшін өте жақсы қолдау деп білемін. Атаулы әлеуметтік көмектің арқасында әр оқу жылының басында балаларым мектепке қажетті кеңсе тауарларымен және киіммен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ олар мектепте тегін тамақтана алады,- деді Петропавл қаласының тұрғыны Алина Агафонцева.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz