Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, коронавирусты бір тәулікте тағы 114 адам, коронавирус белгілері бар пневмонияны 3 адам жұқтырды.Жалпы осы күні коронавирус инфекциясынан –1 214 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан — 197 (КВИ-), барлығы 1 411 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 176 пациент стационарда, 1 235 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
— 7 адамның жағдайы ауыр,
— 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
— 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.