СҚО әкімі жедел штабта жылумен жабдықтаудың проблемалық мәселелерін көтерді

Авторы: Qyzyljar News

СҚО әкімі Айдарбек Сапаров алғашқы жұмыс күндерін Петропавлдағы 2-ЖЭО аралаудан бастады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аймақ басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, Айдарбек Сапаров 2-ЖЭО қызметі мен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Жауапты тұлғалардың есебінен кейін облыс әкімі стансаның жұмысы мен жабдықтың жай-күйін үнемі бақылап отыру қажеттігіне назар аударды.

— Өңір басшысы станцияға көмірді үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуді, әлеуметтік нысандар мен үйлердегі температуралық режимді күн сайын тексеруді, облыс орталығы мен аудандарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін жылу трассаларының жай — күйін бақылауды тапсырды,-деп толықтырды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Петропавл 2-ЖЭО-на барғаннан кейін Айдарбек Сапаров электрмен және жылумен жабдықтау кәсіпорындарының басшыларымен проблемалық мәселелер бойынша жедел штабтың кеңесін өткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz