Петропавл қаласында жылусыз қалған ондаған үй желіге қайта қосылды. Бұл туралы «Севказэнерго» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Акционерлік қоғамның баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, құбыр алмастыру жұмыстары аяқталып, магистраль қайта іске қосылған. Қаладағы №15 жылу магистралінде технологиялық ақау шығып, салдарынан Қизатов, Заречная, Жеңіс, Жуков көшелеріндегі 16 көпқабатты үй мен Қизатов, Кірпішті, Заречная, Жеңіс, Жуков көшелеріндегі 42 жер үй жылусыз қалған болатын.
«Петропавл жылу желісі» деп аталатын монополист компания бұл үйлерді жылусыз қалдыру арқылы бұдан да үлкен апаттың алдын алғандарын айтып ақталды.