СҚО полицейлері аязды күні көлігі істен шығып, жолда қалған әйелге көмектесті

Авторы: Qyzyljar News

Облыс тас жолдарында қиын жағдайға тап болған Петропавл тұрғыны көмек көрсеткен Мамлют ауданының учаскелік полиция инспекторы мен жүргізушілерге алғысын білдірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

27 қараша, аязды күні екі баласымен Петропавлға жол тартқан әйелдің Mercedes автокөлігі Дубровное ауылының маңында істен шыққан. Жолшыбай өтіп бара жатқан жүргізушілер дереу полицияға хабарласқан. Шақыртуға Мамлют ауданы ПБ учаскелік инспекторы Әлібек Осипов келіп, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдағы қозғалысты реттеген. Көлік ақауы күрделі болғандықтан, эвакуатор шақыртуға тура келген. Дей тұрғанмен, келіншек полицейлерге және жүргізушілерге ризашылығын білдірді.

– Жол-жөнекей өтіп бара жатып көмек көрсеткен жүргізушілерге, әсіресе, полиция қызметкері Әлібек Осиповқа ерекше алғысымды білдіремін, деп жазды әйел өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Облыс полицейлері құтқарушылардың SMS-хабарламаларын қадағалап, алыс сапарға шығар алдында көліктерінің техникалық жағдайын тексеруді ұмытпауларын ескертеді. Сонымен қатар өздерімен бірге жылы киімдерін, телефон қуаттайтын құрылғыларын, көлік жөндейтін құрал-саймандарын ала шыққан дұрыс екенін де еске салды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz