СҚО-да қант пен ұнның бағасы бір жылда айтарлықтай қымбаттады

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында қараша айының қорытындысы бойынша инфляция 19,6% құрап, бір жыл ішінде азық-түлік бағасы біршама өсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросы департаментінің мәліметтері бойынша азық-түлік тауарлары 24,5% — ға, азық-түлік емес тауарлар 19% — ға, ақылы қызметтер 14% — ға қымбаттады.Азық – түлік арасындағы қант құны-63%-ға, ұн-44% — ға, жарма-43% — ға айтарлықтай өсті. Ұн мен кондитерлік өнімдер 40% – ға, макарон 26% — ға қымбаттады. Жемістердің бағасы төрттен біріне, ет 21% — ға, көкөністер 16% — ға өсті.

Азық-түлік емес тауарлар санатында бағаның өсуі 13% — дан 36% — ға дейін жетті. Ағымдағы жылдың қараша айында тұрғын үйді жалдау ақысы 2021 жылдың қарашасына қарағанда 48% — ға өскен. Қазан айының қорытындысы бойынша өңірдегі инфляция 18,6% — құрады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz