СҚО полицейлері бейнекамералардың көмегімен көлік ұрлаған күдіктілерді анықтады

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері бейнекамералардың көмегімен көлік ұрлаған күдіктілерді анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұзушылықтарды автоматты тіркейтін бейнебақылау жүйелері – жол жүрісі қағидаларының сақталуын бақылаудағы тиімді құрал. Автоматты жүйе жемқорлық тәуекелдерін азайтып, жол үстінде жүргізушілердің тәртібін қадағалауға мүмкіндік береді. Солтүстік Қазақстан облысында 16 қарашадан бастап интеллектуалдық бейнежүйе іске қосылды. Алғашқы күннен-ақ жүйе өзінің тиімділігін көрсетті. Бұның көмегімен көлік айдап әкету фактісі жылдам ашылды.

Қызылжар ауданы Бескөл ауылының тұрғыны түс кезінде көпқабатты үйдің ауласынан өзінің Audi-80 автокөлігі жоғалғаны туралы полицияға арызданған. Ол көліктің кілтін көлік салонында ұмытып кеткен екен. Көп ұзамай автоматты бейнекамералар жоғалған көліктің Петропавл көшелерінде жүргенін байқады. Көліктің жүріп өткен жолын анықтаған ауысым кезекшілерінің және патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің кәсіби әрекеттері нәтижесінде көлік жүргізушілері қала супермаркеттерінің бірінің жанында тоқтаған кезде ұсталды.

Күдіктілер 35 жастағы бескөлдік және оның облыс орталығында тұратын 22 жастағы туысы болып шықты. Екеуі де алкогольдік масаң күйде болған және оларда жүргізуші куәлігі болмаған. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша енгізілді.

– Бүгінде СҚО аумағында жол жүрісі қағидаларының бұзушылықтарын автоматты тіркейтін 35 бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Жол-көлік оқиғаларына жүргізілген талдауды ескере отыра, автоматты жүйелер көше-жол желісіндегі апатты-қауіпті аймақтарда орнатылды. Кешендер жылдамдық режімінің, көше қиылыстарынан өту ережелерінің бұзушылықтарын анықтауға бағытталған. 11 айда жол жүрісі қағидаларының 6 мыңнан астам түрлі бұзушылықтары анықталды, – дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz