Сауда министрі күріш бағасы жөнінде пікір білдірді

Авторы: Qyzyljar News
Үкімет кулуарында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин кейбір сауда желілерінде күріштің келісі 275 теңгеден сатылып жатқанын айтты, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Супермаркеттерде 275 теңге тұратын күріш бар, әр түрлі сауда желілерін аралап жүріп азық-түлік жиынын сатып алсаңыз, тіпті «А» класындағы дүкендер желісі арасындағы құн айырмашылығын сезінесіз», -деді Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин

Министрдің айтуынша, 2019-2020 жылдары Қазақстанда 550 мың тонна күріш өндірілген. Биыл 507 мың тонна күріш өндіру жоспарланыпты.

— 20 мың тоннаға жуық экспорттадық, өте аз импорттаймыз. Биыл 10 айда 76 мың тонна экспорттадық. Бүгінде 250 мың тоннадай қорымыз бар. Ай сайынғы тұтыну 80 мың тоннаға жуық болса, ешқандай қауіп жоқ,- деді Серік Жұманғарин

6 желтоқсан күні үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елде күріш жеткілікті екенін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz