СҚО-да өртенген үйден әйелдің мәйіті табылды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 623 өрт оқиғасы орын алды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% — ға аз, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте өрттен қаза тапқан адамдардың саны азайғанын хабарлады.

— Өрттің 74% — ы тұрғын үй секторында болады. Негізгі себептер электр жабдықтарын дұрыс пайдаланбау, пештерді орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу. Құтқарушылар жеке статистиканы 1 қазаннан басталатын жылыту маусымы бойынша жүргізеді. Осы кезеңде тұрғын үй секторында 73 өрт оқиғасы тіркелді, — деді Дмитрий Растихин.

Өткен жексенбіде Николаевка ауылында қайғылы жағдай орын алған. Үй өртеніп, 81 жастағы әйел қаза тапты. Алдын-ала болжам бойынша, өрт қауіпсіздігін сақтамаған.

— Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне құтқарушылар барып профилактикалық жұмыс жүргізді. Барлығы 4 448 тұрғын үй есепке алынды. Профилактикалық жұмыстардың қорытындысы бойынша 1 040 үйде электр жабдықтары мен жылыту жүйелерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін екі мыңға жуық бұзушылық анықталды. 334 үйде 469 бұзушылық жойылмаған күйінде қалып отыр. Маусым айынан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне 1 220 дабыл қондырғысы орнатылды, — деп қосты Дмитрий Растихин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz