Оқу-ағарту министрлігі «Білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы» бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында оқу жылының басталуы мен аяқталуының мынадай мерзімдері айқындалды:
Негізгі (әдепкі) мерзім 1 қыркүйек — 31 мамырды қоса алғанда:
— 1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсан және демалыс ұзақтығы:
-1 тоқсан — 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – 7 күн (31 қазаннан бастап 6 қарашаны қоса алғанда);
-2 тоқсан – 8 апта, қысқы демалыс — 9 күн (31 желтоқсаннан бастап 8 қаңтарды қоса алғанда);
-3 тоқсан — 10 апта, көктемгі демалыс — 9 күн (18-26 наурызды қоса алғанда);
-4 тоқсан -10 апта;
-1 сыныптарда қосымша демалыс-7 күн (6-12 ақпан аралығын қоса алғанда).
Оқу аптасының ұзақтығы – 36, оқу жылы ішінде демалыс күндері кемінде 25 күнді құрайтын болады. Таңдалған мерзімге қарамастан, оқу жылының басталу және аяқталу ұзақтығы өзгермейді. Сондай-ақ құжатта қорытынды аттестаттау мерзімдері бекітілген:
-9 (10) сынып оқушылары үшін қорытынды қорытынды емтихандар – 2 маусымнан 13 маусымға дейін;
-11 (12) сынып оқушылары үшін қорытынды қорытынды емтихандар – 5 маусымнан 19 маусымға дейін.