СҚО-да полицейлер жыл басынан хабар-ошарсыз кеткен 474 адамды тапты

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері жыл басынан бері із-түссіз жоғалған 474 адамды іздеп тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар 47 жастағы ауыл тұрғынын бірнеше күн бойы іздеді.Қуанышқа орай, әлде біреулердің ер адамды шалғай орналасқан ауылдарда көргені туралы ақпарат пайда болған. Іздестіру аумағын кеңейтудің арқасында жоғалған адам Ақмола облысынан табылды. Ол туыстарына айтпай, нәпақа табу мақсатымен кетіп қалғаны анықталды.

– Мұндай оқиғалар жиі кездеседі. Жоспарларыңыз туралы жақындарыңыз бен туыстарыңызға ескертіңіздер. Байланыс құралдарын да өзіңізбен алып жүруді ұмытпаңыздар. Облыста 11 айда полиция қызметкерлері із-түссіз жоғалғандар туралы 479 арызды қабылдады. Іздеу шаралары барлық қолда бар күштермен тәуліктің кез келген уақытында жүргізіледі. Бұған еріктілер де белсенді қатысады. Жоғалғандардың көпшілігі бір тәулікте табылды. Тек 28 адамға қатысты іздестіру ісі қозғалды. Бүгінде 23 адамның жүрген жері анықталды, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мадияр Харипов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz