СҚО полицейлері дәрігерлер мен колледж студенттеріне терроризмге қарсы қауіпсіздік туралы дәріс оқыды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Терроризмге қарсы қауіпсіздіктің негізгі ұғымдары жайлы полицейлер террористік тұрғыдан осал объектілердің ұжымдарымен кездесулерде жиі айтады. Жұмыстың негізгі бағыттарының бірі — медициналық және білім беру мекемелерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру. Жақында осы мақсатпен СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық фтизиопульмонология орталығының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Тәртіп сақшылары дәрігерлерге террористік қауіп туындағанда, жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін күдікті заттар табылған кезде қалай әрекет ету керектігін түсіндірді. Тағы бір кездесу жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде өтті. Полицейлер бұл жолы екінші және үшінші курс студенттерімен осы тақырыпта әңгіме өрбітті.
– Жыл басынан бері террористік тұрғыдан осал объектілердің ұжымдарымен 24 оқыту сабағы өткізіліп, оларға 1430 адам қатысты. Сонымен қатар 11 айда террористік тұрғыдан осал 342 объектіге тексеру жүргізілді. Қызметкерлер бейнебақылау жүйелерінің, “дабыл түймелерінің” техникалық жарамдылығын және терроризмнен қорғаудың басқа да параметрлерін зерттейді. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою туралы 116 ұйғарым шығарылды, — дейді СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Самат Қапенов.