Синоптиктер 7-10 желтоқсан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, күн жылынады, қалың қар жауып, бұрқасын болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, бірқатар өңірлерде аяздың біртіндеп әлсіреуі болжанып отыр:
-батыста түнде -5…-15°С, күндіз 0…-5°С дейін;
-солтүстікте түнде -18…-28°С, күндіз -12…-17°С дейін;
-орталықта және шығыста түнде -22…-30°С, күндіз -13…-20°С дейін;
-оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -13…-25°С, күндіз -8…-18°С дейін.