Петропавлда көп қабатты үйден өрт шығып, екі әйел зардап шекті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы өрттің салдарынан екі әйелге иіс тиіп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы Пушкин көшесі, 43 мекенжайда орналасқан бес қабатты жатақханада өрт шықты. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 3 автоцистернасы және 3 арнайы көлігі мен 21 адам жетті. Олар бірден іске кірісіп, өрт шыққан ғимараттан тұрғындарды шығарды.

– Өрт үйдің екінші қабатындағы пәтерлердің бірінен шыққан екен. Оның иесі біз келгенде далада жүрді. Нысан түтінге оранғандықтан, тұрғындарды құтқаруға тура келді. Демалу аппараттары мен қабын қолданып 5 адамды алып шықтық. Сондай-ақ тағы 25 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Жергілікті атқарушы органдар оқиға орнына автобустарды алдыртты. Үйден шығарылғандарды қатты аязда тоңып қалмауы үшін бірден осы көліктерге отырғыздық, — дейді Петропавл қалалық № 1 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Болат Жұмажанов.

Өрт толығымен сөндірілді. Оның шығу себебі мен келген шығын мөлшері анықталатын болады. Ал түтінге тұншығып, уланған 48-дегі және 80-дегі екі әйел емдеу мекемесіне жеткізілді. Мамандардың айтуынша, олардың жағдайлары орташа.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz