СҚО полицейлері жолдарда 2 мыңнан астам кемшілік анықтады

Авторы: Qyzyljar News

СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының жол және техникалық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері 11 айда Солтүстік Қазақстан облысы автожолдарына 1661 тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгінгі таңда 9,5 шақырымға созылатын жол инфроқұрылымы тексерілді. 2 мыңнан астам кемшілік анықталып, оларды жөндеу бойынша тиісті ұйымдарға 999 ұйғарым жолданды. Анықталған кемшіліктердің басым бөлігі жол жабындысының жағдайына байланысты. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға жол инфроқұрылымын дамыту үшін 294 ақпарат жіберілді. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде жөндеу, белгілер салу мен реттеу құралдарына техникалық қызмет көрсету жұмыстары атқарылды. Бүгінгі таңда республикалық тас жолдарда 1120 белгі, облыстық маңызы бар жолдарда – 177, Петропавл көшелерінде 328 белгі орнатылып, жаңартылды. Облыс орталығында магистральді көшелердің жүру бөлігіндегі жерасты коммуникацияларының 98 құдығына жөндеу жүргізілді.

– Бұдан бөлек, республикалық маңызы бар А-16 Жезқазған – Петропавл автожолының 950 км және Петропавл қаласы айналма жолдың 10 км қауіпті жаяу жүргіншілер өткелінде бағдаршам орнатылды. Петропавл қаласы 4 бағдаршам объектісін орнату жүзеге асырылатын Жұмабаев көшесіне қайта жөндеу жүргізілуде. Жол-көлік инфрақұрылымын тиісті жағдайдайы – жол қауіпсіздігін күшейтудің, сондай-ақ апаттылық пен жол көлік оқиғасының ауыр салдарын төмендетудің маңызды факторы, – дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz