Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаровты қабылдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров Президентке өңірдің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ инвестжобалардың жүзеге асуы, жылыту маусымының өтуі, инфрақұрылымды дамыту туралы баяндады.
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған облыс әкіміне өңірді дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығына жан-жақты қолдау көрсету арқылы ауылдардың өркендеуін қамтамасыз етуді, инфрақұрылымдарды жаңғыртып, көлік-логистикалық ахуалды жақсартуды тапсырды.