Солтүстік Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінде 2023-2025 жылдарға арналған өңір бюджетінің жобасы қаралды. Онда қоғам белсенділері мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша төлем сомасы неліктен жыл сайын азайып келетіні туралы сұрады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант мемлекеттік жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелерді төлеуге 2023 жылы 1,1 млрд. теңге, 2024 жылы-515,2 млн. теңге, 2025 жылы — 499,2 млн. теңге бөлу жоспарланғанын хабарлады. Сондай-ақ ол жақында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы заңға өзгерістер енгізілгенін атап өтті.
— Бюджеттен өтеуді талап етпейтін жобаларға артықшылық беріледі. Бұл бағытта біз жұмысты жалғастырамыз. Шығындарды 100% өтеуді талап ететін жобалар бюджетке үлкен жүктеме болып табылады, — деді Наталья Дышкант.
Қоғамдық кеңестің мүшесі, заңгер Павел Афанасьев мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асырудың тиімділігін қарастыру қажет деп санайды.
— Қаладағы №2 қалалық емхананы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке беру бойынша пікірталастар жүріп жатыр. Мұның қаншалықты дұрыс екенін қарастыру керек,- деді Павел Афанасьев.