СҚО полицейлері 11 ай ішінде 113 қару тәркіледі

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 11 ай ішінде тұрғындардан 113 қару тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тимирязев ауданы тұрғынының сарайынан тегіс ұңғылы аңшы қаруы табылды. Тайынша ауданындағы ауыл тұрғыны қосұңғылы мылтықты кіре берісте сақтаса, оның жерлесінен тәртіп сақшылары 12 калибрлі 9 оқты гаражынан тапты. Сондай-ақ аңшы қаруы Қызылжар және Шал ақын аудандарының екі тұрғынынан алынды. Барлығына қатысты әкімшілік материал жиналды.

– Аталған фактілер облыста өткен “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шара барысында анықталды. Бұған дейін “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу шарасы аясында бірнеше факті тіркелді. Әкімшілік полиция қызметкерлерінен басқа криминалдық полиция және учаскелік инспекторларда осы бағытта жұмыс істеуде. Солтүстікқазақстандық полицияның сыртқы бөліністерінің қызметкерлері қаруды заңсыз сақтау фактілерін анықтауға бағытталды, – деді СҚО Полиция департаменті азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz