Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық дәрігерлері коронавируспен ауырғандардың саны өскенін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, екі апта ішінде – 24 қарашадан 7 желтоқсанға дейін өңірде 27 науқас анықталған. Бұл былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 16 адамға көп.Дәрігерлер инфекцияның таралу тізбегін бұзудың ең тиімді профилактикалық әсері коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация екенін еске салды. Өңірде вакцинаның бірінші компоненттерін 344,4 мыңнан астам адам, екіншісін – 340,7 мың адам алды.
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы «жасыл» аймақта орналасқан. Пандемия басталғаннан бері облыс бойынша коронавирустың 46 347 жағдайы тіркелді.