СҚО полицейлері психологтың отбасылық жанжалқорлармен кездесуін ұйымдастырды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері психологтың отбасылық жанжалқорлармен кездесуін ұйымдастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

“Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы шеңберінде петропавлдық полицейлер бұрын тұрмыстық қатынастар саласында бұзушылықтар жасаған адамдардың психологпен кездесуін ұйымдастырды. Дәріс жұмысшы кентіндегі № 5 учаскелік полиция пунктінде өтті.

Бір сағаттық дәріс барысында тұрмыстық жанжалдардың пайда болуына талдау жасау, балалармен қарым-қатынасты жақсарту, үйдегі мінез-құлықты ретке келтіру, суицидтің алдын алу секілді отбасы-тұрмыстық қатынастардың маңызды деген тақырыптары қамтылды. “Демеу” коммерциялық емес ұйымының клиникалық психологы, YouTube желісіндегі танымал арнаның авторы Резеда Баймұхаметова дәріс оқып, отбасылардағы моральдық және психологиялық қысымды ескертудің, тыныштықты сақтаудың жолдарын тиянақтап айтып берді.
Резеда Баймұхаметованың айтуынша, полицейлердің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара алдағы уақытта тұрмыстық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың санын азайтуға көмектеседі.

–Солтүстік Қазақстан облысының “Аналар кеңесі” мен полиция департаменті арасындағы меморандум шеңберінде құқық бұзушылықтар жасауға бейім тұлғалармен кездесу өткіздік. Бұл кездесуге қатысқан адамдар өмірлеріне өзгеріс енгізіп, дұрыс шешім қабылдайды деген сенімдеміз, – дейді Резеда Баймұхаметова.

Облыстық және қалалық полицейлер 25 қарашада ел аумағында басталған “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясына белсенді қатысып жатыр. Тәртіп сақшыларының басты мақсаты – адамдарды ақпараттандыру, отбасыда қысым көрсетудің жолын кесуді тұрғындарға түсіндіріп жеткізу. Облыс орталығында қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы шеңберінде мыңнан астам түрлі бұзушылықтар анықталды.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz