СҚО-да мемлекеттік еңбек инспекторлары 11 айда 338 кәсіпорынды тексеріп, заңнаманы бұзудың 432 фактісін анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мәліметі бойынша, 275 бұзушылық еңбек қатынастарымен байланысты болса, 157-сі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласына тиесілі. Инспекторлар айыппұл түрінде жалпы сомасы 19,8 млн. теңгеге 122 лауазымды және заңды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Қарызды өтеу процесі апта сайын бақыланады.
— 11 айда өндірісте 32 жазатайым оқиға орын алып, 38 адам зардап шекті. Жазатайым оқиғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тексерілді, — деп толықтырды басқармада.
Осы кезеңде инспекцияға 1 221 жазбаша өтініш және қызметкерлердің еңбек құқықтарына нұқсан келтіру туралы түрлі өтініші келіп түскенін айта кеткен жөн.