СҚО-да қоғамдық көлік жүргізушілері 4 күнде 400-ден астам заң бұзушылық жасаған

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының төрт күнінде полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты 400-ден астам заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 желтоқсаннан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік комитетінің аумақтық инспекциясы, қоғам өкілдері және тәртіп сақшыларымен бірлесіп, «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Жалпы, жедел-профилактикалық іс-шара өткізілген 4 күннің ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол ережесін бұзуға қатысты 423 факті тіркелді.

— Маневр жасау ережесін бұзу мен рөлде келе жатып телефон қолдану сияқты заң бұзушылықтар жиі кездеседі, осындай 104 және 49 жағдай анықталды. Сонымен қатар, техникалық тексерістен өтпеген көлік құралын басқарғаны үшін 28, көлікті заңсыз қайта жабдықтағаны үшін 7 жүргізуші жауапқа тартылды. Бір автобусты пайдалануға тыйым салынды. Автобус паркінің 2 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды, — дейді СҚО Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Ашық дереккөздерден алынған сурет

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz