Канаданың Кальгари қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогының үшінші кезеңі өтуде. Байрақты бәсекеде ел намысын солтүстікқазақстандық спортшылар сәтті қорғауда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ерлер арасында жерлесіміз Виталий Щиголев көзге түсті. Ол масс-старт сынында қола медальға қол жеткізді. 48 ұпай еншілеген жерлесіміз әлем кубогына қатысушылар арасында жалпы есепте 16-шы орынға көтерілді. Ал бұрымдылар арасында Надежда Морозова алдымен 1000 метрлік қашықтықта бәрінен оза шапса, 1500 метрде күмісті місе тұтты. Жарыстың қорытынды есебінде спортшымыз екінші орынға тұрақтады.