СҚО-да педикулезді жұқтыру 58 пайызға азайды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 63 адамға педикулез диагнозы қойылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 58 % төмен. Жұқтырғандардың 28-і – 14 жасқа дейінгі бала, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, педикулезді былтыр 109 адам жұқтырса, биыл 63 адамда бит анықталған. Шамамен екі есе азайғанымен, бұл дерт әлі де қауіпті болып отыр.

— Педикулез — адамның кең таралған паразиттік ауруы, оның қоздырғышы қан соратын жәндік — биттер. Ауру тұрмыстық және жыныстық қатынастарда, науқастың заттарын қолданған кезде жұғады. Бірінші белгісі — қышу, бұл қан сору кезінде биттердің теріге енгізген сілекейіне аллергиялық реакция. Науқаста педикулезді емдеу эпидемияға қарсы іс-шаралармен бір мезгілде жүзеге асырылуы тиіс, яғни бас киімдерді, киімдерді, төсек-орын жабдықтары мен үй-жайды дезинсекциялау қажет. Жәндіктер паразиттерге қарсы құралдармен жойылады. Науқастың денесін ғана емес, оның заттарын да өңдеу қажет. Сіркелерді киімнен, төсек-орыннан, жеке заттардан және жиһаздан алып тастау керек. Әдетте науқастың денесіндегі биттерді өлтіру қиын емес. Шаштан барлық сіркелерді алып тастау әлдеқайда маңызды. Сонымен қатар, инфекцияның көзін анықтау қажет, — дейді дәрігерлер.

Мамандардың айтуынша, педикулездің алдын алуға болады. Ол үшін ойын, басқа да іс-шара кезінде басты басқаның басына жақындатпаған жөн. Біреудің бас киімін, шарфын, тарағын, құлаққаптар және шаш аксессуарлары сияқты жеке заттарын пайдалануға болмайды. Киімді ортақ шкафта сақтаудан аулақ болу қажет. Жеке гигиенаны сақтап, апта сайын төсек-орынды, күнделікті іш киімді ауыстыру маңызды.

— Егер баланың шашында сірке болса, бұл оның педикулезбен ауырғанын білдірмейді. Егер сірке шаштың түбінен 7 мм-ден алыс болса, онда олар бос және бит дернәсілдері жоқ болуы мүмкін. Алайда, егер баланың шашында кем дегенде бір бит немесе шаштың түбінде орналасқан бір сірке болса, оның педикулез жұқтырғаны. Бит жұқтырған жағдайда тиісті ем тағайындау үшін дереу медициналық көмекке жүгіну қажет, — дейді мамандар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz