СҚО-да тұмау өршіп барады

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында екі айда тұмау жұқтырған 216 науқас анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталды.

– Эпидмаусым басталғалы жіті респираторлық вирустық инфекциялардың 17663 жағдайы тіркелді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 33 % көп. Ауырғандардың басым бөлігі, 66 % — 14 жасқа дейінгі балалар. Бұдан бөлек биыл тұмау жұқтырғандар саны да артқан. 14 қазаннан облыста тұмау ауруы тіркеле бастады. Облыста В типті тұмаудың зертханалық расталған 215 жағдайы және А типті тұмаудың (H1N1) зертханалық расталған 1 жағдайы тіркелді. Барлық адамдар тұмауға қарсы екпе алмаған, — дейді Әсет Жұматаев.

Маманның айтуынша, науқастардың 18-і жүкті әйел, 73-і — 14 жасқа дейінгі бала, соның ішінде 7-і балабақша тәрбиеленушісі, 50-і мектеп оқушысы және 23-і үйде отырған бала. Сондай-ақ тұмаумен ауырғандардың жартысына жуығы – облыс орталығының тұрғындары.

–Тұмауға қарсы вакцинациядан басқа, бейспецификалық профилактиканы назардан тыс қалдырмау керек. Бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтап, мүмкіндігінше адам көп жиналатын орындарға бармай, жеке гигиена ережелерін сақтау қажет. Сонымен қатар, иммунитетті барлық қолда бар құралдармен көтеру керек. Ал ауырған жағдайда инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау үшін дәрігерге қоңырау шалып үйде болу қажет — дейді департамент басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz