Солтүстікқазақстандық спортшылар жеңіс тұғырына көтерілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Гір көтеру спортынан ел кубогы сарапқа салынды. Щучинск қаласында өткен жарыста өңір спортшылары да бақтарын сынады. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте облыс командасы екінші орынға жайғасты, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жұлқа көтеруде  78 килограмм салмақ дәрежесінде Артем Головин чемпион атанса, ал Святослав Гаманко екінші орынды еншіледі. 63 килограмда Иван Лысенко қола жүлдені місе тұтып, спорт шебері нормативін орындады. Сондай-ақ 68 килограмда Олег Окс пен 95 килограмнан жоғары салмақта Алексей Горобченко үшінші орынға жайғасты.

Ал серпе көтеруде  Виталий Диденко 95 килограмм салмақ дәрежесінде қарсыластарының алдын орап, ел кубогының абсолютті чемпионы атанды. Командаластарының арасында Алексей Горобченконың да  жұлдызы жанды. Ол алтын жүлдеге қол жеткізді. Олег Окс пен Василий Слепых өз салмақтарында үшінші орынды місе тұтты.

Биылғы ел кубогына әуесқойлар спортшылар да қатысты. Олардың қатарында чемпион атанған жерлестеріміз де бар. Жұлқа көтеруде 85 килограмда Данил Чвилев жеңіске жетіп, Диас Исенов, Алмас Қаткенов, Роман Снытко және Игорь Токун өз салмақтарында үздікті үштікті түйіндеді. Серпе көтеру жаттығуында Николай Стрелков пен Эрик Әлібаев бірінші орынды қанжығаларына байлады. Ал Дмитрий Орехов екінші орынға жайғасты.

Қыздар арасында да бағы жанған жерлестеріміз бар. Гірді жұлқа көтеруде 58 килограмм салмақ дәрежесінде Елена Костенко абсолютті чемпион атанды. Ал Сабина Шпеттер 68 килограмм санатында өнер көрсеткендер қатарында екінші орынға қол жеткізді. Осы салмақта Махаббат Мұсайбекова қола медальді еншіледі. Серпе көтеруде де солтүстікқазақстандық спортшылар аянып қалмады. 58 килограмда Марина Головина жеңіс тұғырына көтерілсе, осы жолы Елена Костенко күмісті қанағат тұтты. Валентина Беседина үшінші орынға жайғасты. 63 килограмда Марина Евич пен 68 килограмда Любовь Синько күміспен күптелді. Сабина Шпеттер болса, спорт шебері нормативін орындап қана қоймай, екінші орынды қанжығасына байлады.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz