Александ Герлиц қола жүлде еншіледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Финляндияда пара биатлон мен шаңғы жарысынан Әлем кубогының кезеңінің сайыстары өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде ел намысын солтүстікқазақстандық спортшылар да қорғауда, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жарыстың алғашқы күнінде ұлттық құрама сапында Ербол Хамитов пен Александр Герлиц парашаңғыдан сынға түсті. 800 метрлік қашықта Ербол күміс жүлдеге қол жеткізсе, Александр 4-ші орынға тұрақтады.

–  Алғашында қарсыластарым оза шауып, мен артта қалған болатынмын. Кейін мәреге жақындағанда жылдамдық  қосып, сызықты екінші болып кестім. Алда әлі сайыстар бар. Онда алтын медаль алу  үшін  барымды саламын, – дейді Ербол Хамитов.

Кейін жерлесіміз Александр Герлиц парабиатлон жарысына қатысты. 12 жарым шақырымдық қашықта солтүстікқазақстандық спортшының айы оңынан туды. Осылайша Александр қола медаль  еншіледі.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz