Әлем чемпионатының финалына жолдама алғандар белгілі болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қатардағы доп додасында финалға шыққан құрамалар белгілі болды. Аргентина – Хорватия жұбында Месси бастаған жігіттер жеңіске жетсе, Франция – Марокко кездесуінде еуропалықтар қарсыластарының алдын орады, ,деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Араға төрт жыл салып, Аргентина құрамасы Хорватиямен кездесті. Ресейде өткен Әлем чемпионатында «альбиселесте» ойыншылары Златко Далич бастаған жігіттерге есе жіберген болатын. Ол кезде хорватиялықтар 3:0 есебімен Мессиді қапы қалдырған. Биыл жартылай финалда бұл командалардың тағы жолы тоғысып, финалдың жолдамасы сарапқа салынды. Ойынның алғашқы минуттарынан оңтүстікамерикалықтар қарсылас қақпасын нысанаға алды. Алдымен пенальтиден Месси есепті ашса, араға бес минут салып Хулиан Альварес Аргентинаның екінші голын соқты.

Екінші таймда хорваттықтар есепті қысқартуға ұмтылды. Алайда қарсы шабуылдардың бірінде Хулиан Альварес өз мүмкіндігін пайдаланып дубль авторы атанды. Нәтижесінде Аргентина 3:0 есебімен өзінің алтыншы финалына шықты.

Франция – Марокко кездесуінде француздар фаворит еді. Дегенмен футбол сүйер қауым африкалықтар мундиальда тағы бір сенсация тіркейтініне үміттерін үзбеді. Матч әдеттегідей, 2018 жылғы Әлем чемпиондарының шабуылдарынан басталып, марокколықтар қорғаныста мығым екендіктерін көрсетуге тырысты. Десе де ойынның 5-ші минутында Рафаэль Варан Антуан Гризманды паспен тауып, шабуылшы допты Марокконың айып алаңына жеткізді. Киллиан Мбаппе соққысы көздеген нысанаға жете алмай, Тео Эрнандестің аяғынан табылды. Қорғаушы өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Кейін қос команда да қарсы шабуылдарға иек артты. Ойынның нүктесін 79-шы минутта Коло Муани қойды. Қорытынды есеп 2:0, Франция финалға өтті.

Желтоқсанның 17-сі күні Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін Хорватия – Мароккомен кездессе, ал келер күні кубок сарапқа салынып,  Аргентина – Франция ойнайды.

Фото: Ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz