СҚО-да азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша зерттеулер жүргізілуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Екі күн бойы Петропавлда өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша зерттеулер жүргізілуде, мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылының кейстері талқылануда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басқару институтының профессорлары  Серік Жұмабаев, Раушан Дуламбаева, Лариса Құсайынова  сауалнамалар мен зерттеулер жүргізуде.

— Біз Петропавлға қазіргі уақытта біздің еліміз үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін өзекті болып отырған  азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін зерттеу үшін келдік. Біздің міндетіміз — өңірлерге бару және сұхбат жүргізу, азық-түлік қауіпсіздігін жүзеге асырумен айналысатын адамдармен бірлесіп, проблемаларды анықтау. Өйткені олар әдетте барлық қыр — сырын біледі және біз үшін олардың пікірі маңызды, — деді Қазақстан Республикасы  Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының   профессоры Серік Жұмабаев.

Бірінші күні спикерлер ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшыларымен әңгімелесті. Сондай-ақ, Qoldau-ға өтініш берушілердің біліктілігінің жеткіліксіздігімен байланысты субсидияларға өтінім беру мәселелері, қарсы міндеттемелер мәселелері, азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштерін құрудың дұрыстығы, заңға тәуелді актілердің жетілмегендігі, рәсімдер мен алгоритмдердің бұлыңғырлығы талқыланды.

— Солтүстік Қазақстан облысы-шекаралас аймақ. Көптеген өнімдер ең жақсы сапа емес, бірақ олар нарықты басып қалды. Сондықтан, жергілікті тауар өндірушілер шығаратын жоғары сапалы тауарлар, мүмкін, бағасы сәл қымбатырақ, бірақ сонымен бірге олар жақсы. Біз көп ақпарат  алдық, олар одан әрі зерттеулерді анықтауға,    жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді, — деді  Серік Жұмабаев.

Екінші күнді спикерлер «өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі басқармасындағы Бизнес-процестер»тақырыбындағы  тренингке арнады. Кездесуге  Қазақстан Республикасы  Президенті жанындағы СҚО бойынша Мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлерімен және түлектері қатысты.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz