Облыс әкімі ауылдарды дамыту бойынша жиын өткізіп, тұрғындар көтерген өзекті мәселелерді тыңдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Айдарбек Сапаров ауыл инфрақұрылымын жаңарту арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға болатынын, мектептерді, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарын, су желілері мен жолдарды жөндеу жалғасатынын, жөндеу науқанын сапалы әрі уақтылы жүргізу керегін атап өтті.
-Аудан әкімдеріне бюджет қаражатын толық игеру, инвесторлар тарту, жаңа өндірістер ашу, жұмыс орындарын құру бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырдым, — деді Айдарбек Сапаров.
Фото: СҚО әкімі парақшасынан алынды.