Петропавлда жасөспірімдер арасында бокстан облыстық чемпионат өтуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Кәмил  Сафин атындағы бокс мектебінде 12-13 жастағы жасөспірімдер  арасында облыс чемпионаты басталды,     деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz  тілшісі   mtrk.kz сайтына сілтеме жасап.

Ғ. Мүсірепов ауданынан келген  Аруен Ескенов пен шалақындық    Қанат Іңкәрбек жас та болса әдемі ойын өрнегін көрсете білді.    Шаршы алаңда атой салған    Аруен Ескеновтың бағы жанып, жеңімпаз атанды.

— Мен бокспен айналысқаныма бір жарым жыл болды.  Бұл спорт мені қызықтырады, өйткені менің ағаларым да бокспен айналысқан. Болашақта  республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, кәсіби боксшы болғым  келеді, — деді Аруен Ескенов.

Облыстағы барлық аудандар мен  пен Петропавлдан    100 — ден астам жас боксшы 4 күн бойы  бақ сынайды.  Жеңімпаздар  келесі жылдың қаңтар айында өтетін Қазақстан Республикасының біріншілігіне аттанады.

— Балалардың деңгейі   жақсы. Алғаш рет жарыс жолына шыққандар да бар, олармен әлі де жұмыс істеу керек. Тәжірие жинау үшін, шеберлігін шыңдау үшін осындай жарыстарға қатысып тұрғандары жақсы,   — деді жарыстың бас төрешісі Азат Елубаев.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz