СҚО-да 6 күнде 21 мас жүргізуші ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 6 күнде 21 мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Полиция   қызметкерлері «BMW» автокөлігін есірткіге мас күйде басқарған Қарағанды облысының тұрғынын ұстады.

Жүргізуші кешкісін айналма жолда қаланың солтүстік бөлігінде тоқтатылды. Медициналық куәландыру ер адамның автокөлікті есірткілік масаң күйде басқарғанын көрсетті. Сондай-ақ, ол көлік басқаруға құқығы болмаса да рөлге отырған. Нәтижесінде оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Әкімшілік соттың шешімімен құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының ақпаратынша, «Мас жүргізуші» облыстық іс-шарасының алты күнінде облыс жолдарында көлікті мас күйде тізгіндеген 21 жүргізуші ұсталған. Тәртіп сақшылары бұндай құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, қайғылы оқиғағаның алдын алды деуге болады.

-Жедел-профилактикалық іс-шараның басынан Жол жүрісі қағидаларының 1510 бұзушылығы тіркелді, Оның ішінде, жылдамдықты асырудың – 105, көлік құралдарын құжатсыз басқарудың – 89, техникалық тексеруден өтпеген көлікті басқарудың – 43 фактісі анықталды. Сондай-ақ, қауіпсіздік белдігін тақпанғаны үшін – 156, көлік басқару кезінде телефон пайдаланғаны үшін – 121 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілер де бірқатар бұзушылықтарға жол берді. Бұндай 184 факті тіркелді, — дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы  Айдын Байматов.

«Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы облыс аумағында 16 желтоқсанда басталды. Онкүндік іс-шара кезінде жүргізушілер жол сақшыларының назарында болады.

11 айда Петропавл қаласының аумағында 164 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 4 адам қаза тауып, 203 адам жарақаттар алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz