Өткен демалыс күндері Петропавл қаласының Жастар сарайында Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің балаларына арналған ертеңгілік өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Балаларға арнап «Қысқы ертегі»спектаклі көрсетілді. Іс-шара соңында балаларға сыйлықтар мен тәттілер табысталды.
— Бұл іс-шара жыл сайын ауқымды түрде өткізіледі. Жаңа жыл-бұл отбасы мерекесі, және біз өз балаларымызға, бізді үнемі күтіп тұрған отбасыларымызға сыйлық жасаймыз, — деді әскери бөлімнің командирі Ғалымжан Кибаев.
Фото: ашық дереккөздерден.