СҚО-да полицейлер мен «динамошылар» балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға өз үлестерін қосуда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Тәртіп сақшылары облыстың спорттық күнтізбесін жаңа оқиғамен толықтырды. Қызылжар ауданында ДШСҚ базасында «Динамо» дене шынықтыру – спорт қоғамының жүлдесіне грек-рим күресінен ашық біріншілік өткізілді, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмасымен «Динамо» ДШСҚ солтүстікқазақстандық филиалы грек-рим күресі секциясын қамқорлығына алды. Жарысты ұйымдастыруға облыстың және аудандардың полицейлері қатысты. Ең мықты деген атаққа облыстағы спорт мектептерінен келген 7 команданың құрамындағы 110 жас спортшы күресті. Жарыс 2011-2012 жылдары және 2007-2009 жылдары туған балалар арасында өтті.

Жарыстың ашылуына спорт ардагері, құрметті ардагер-динамошы, қазақша күрестен КСРО-ның алғашқы спорт шебері Бауыржан Құлжанов, СҚО ПД бастығының орынбасары Сәуле Андағұлова және Қызылжар ауданының ПБ бастығы Әлихан Байқадамов қатысты. Бауыржан Құлжанов қатысушыларға Александр Винокуров, Алексей Луценко, Аманғали Бекболатов сияқты атақты солтүстікқазақстандық спортшылар үлкен спортқа жолдаманы кіші отандарында алғанын айта кетті. Полиция полковнигі Сәуле Андағұлова өңіріміздегі балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін грек-рим күресінен Қызылжар ауданының БЖСМ жаттықтырушысы Аман Сәпиевке СҚО ПД бастығы, «Динамо» ДШСҚ солтүстікқазақстандық филиалының төрағасы Айдын Қабдұлдиновтың алғыс хатын табыстады.

 Сәуле Андаұлованың сөзінше, спортпен шұғылдану төзімділікті, мінезді шыңдай түседі. Болашақта өз өмірін құқық қорғау органдары қызметімен байланыстырғысы келетін балалар үшін бұл қасиеттер аса қажет. Сондай-ақ, спорт – өскелең ұрпақты дұрыс жолға бейімдеудің бірден бір құралы деп есептейтін полицейлер үшін спорттық іс-шаралар ұйымдастыру маңызды.

Жеңімпаздарға жүлделерді «Динамо» ДШСҚ солтүстікқазақстандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Тұғынбаев және СҚО ПД аппаратының басшылары табыстады. Мұндай жарыстар тұрақты түрде өткізілетін болады.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz