СҚО-да 620-дан астам пиротехникалық зат тәркіленді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері оқыс оқиғалардың алдын ал үшін «Пиротехника» іс – шарасын өткізуде, деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петардалар мен  отшашулар – пиротехникалық заттар бүлдіршіндер мен ересектер арасында қызығушылық тудырады. Отшашулардың дыбысы әсерлі көрінгенімен, денсаулыққа қауіпті. Өртке апарып соғуы да мүмкін. Жазатайым оқиғалар мен өрт фактілерінің алдын алу мақсатында өңір полицейлері мен құтқарушылары лицензияланбаған пиротехникалық өнімдерді сату пункттері бойынша рейдтік іс-шараларды жандандырды.

СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы полиция майоры Құман Мусиннің ақпаратынша, «Пиротехника» іс-шарасы 25 желтоқсанда басталды. Іс-шараға 200-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылып, 60-тан астам рейдтік топ құрылды. Бүгінгі таңда полицейлер 12 құқық бұзушылықты анықтап, 620 данадан астам пиротехникалық затты  тәркіледі. Тәртіп сақшылары мен құтқарушылар тұрғындарды осы тауар түрін сатуға сертификаты бар дүкендер мен павильондардан ғана сатып алуға шақырады.

-Қала мен облыс тұрғындарынан кәмелетке толмаған балалардың іс-әрекеттерін бақылап, олардың пиротехникалық бұйымдарды өз бетінше пайдалануына жол бермеуді сұраймыз. Бұл заттарды барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, тек ересектер ғана қолдануы тиіс, — дейді Құрман Мусин.

«Пиротехника» іс-шарасы қаңтар айының басында аяқталады.

Фото: ашық дереккөздерден.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz