Жаңа жыл — ғажайыптар мен сиқырлардың уақыты. Қаланың кәсіпкерлері мен қоғам белсенділері мұқтаж балаларға арналған жаңажылдық қайырымдылық шарасын өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі mtrk.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Мереке Архангелка ауылындағы қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін ұйымдастырылды. 60 бала мереке атмосферасына еніп кетті. Дәстүр бойынша олар Аяз Ата мен Ақшақармен сөйлесіп, ән шырқады, би биледі, конкурстарға қатысып, сыйлық алды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар ғажайыпқа ерекше мұқтаж балалар үшін осындай мерекелер өткізу өте маңызды екенін атап өтті.
— «Достық Молл» ойын-сауық орталығы, «Ого-го» орталығына және осы мерекені ұйымдастыруға қатысқан барлық кәсіпкерлерге үлкен алғыс айтқым келеді. Бей — жай қарамайтын және осындай іс-шараларға үнемі қатысатындардың барлығына рахмет, — деді қоғам қайраткері, кәсіпкер Наталья Хан.
Соңында балаларға демеушілердің сыйлықтары табысталды, сонымен қатар түскі асқа және ойын-сауық саябағына барды.