Синоптиктердің болжауынша, СҚО-да мереке күндері қатты аяз болмайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— 31 желтоқсанда түнде 17-22 градыс аяз, 1 қаңтарда түстен кейін минус 10-15 градус аяз күтіледі, — деді «Қазгидромет» РМК СҚО бойынша филиалының метеопрогноздар бөлімінің басшысы Гүлзат Ғазизова.
30-31 желтоқсанда қар жауады деп күтілуде. Үшінші онкүндіктің ортасында көктайғақ болуы мүмкін. Сондықтан жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер абай болуы керек.
Сондай-ақ, қаңтардың бірінші жартысы мен үшінші онкүндіктің соңында секундына 15-20 метрге дейін жел тұрып, боран соғуы мүмкін.
Фото: ашық дереккөздерден.