Жаңа жыл қарсаңында полицейлер Петропавл тұрғындарын желідегі алаяқтар тарапынан болатын қауіп туралы ескерту үшін еріктілермен күш біріктірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Тәртіп сақшылары, полицияның ерікті көмекшілері мен СҚО әкімдігі жанындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық тобының өкілдері қаланың сауда орталықтарында профилактикалық акция өткізді. Олар жадынама таратып, интернеттегі қауіпсіздік шараларын түсіндірді.
-Бұл ескерту әсіресе жаңажылдық мереке қарсаңында адамдардың дені сыйлықтар мен кәдесыйларды, соның ішінде интернет арқылы іздеген уақытта аса өзекті. Мысалға, желтоқсанда хабарландыру бойынша «айфон» сатып алмақ болған қалалық жас жігіт полицияға жүгінген. Алдын ала төлем аударылғаннан кейін, «сатушы» байланысқа шықпай қойған. Барлығы 11 айда облыста 713 интернет алаяқтық тіркелді, оның ішінде 313-і белгілі сайттардардағы хабарландырулар мен әлеуметтік желілерде тауарларды сатып алу-сатумен байланысты, — дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.
Фото: ашық дереккөздерден.