СҚО-да биыл спорт саласына 9 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазіргі уақытта СҚО-да 2 951 спорт нысаны жұмыс істейді. 2022 жылы саланы қаржыландыру 9 млрд. теңгені құрады, деп хабарлайды   qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Бүгінгі таңда дене шынықтыру және спортпен 200 мыңнан астам адам немесе халықтың 40% -ы айналысады. Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін республика халқының кемінде жартысы дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тартылуы тиіс деген міндет қойды,- деді СҚО әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек.

Биыл облыста жасанды жабыны бар 15 шағын футбол алаңы, көше тренажерларының 19 жиынтығы, 3 спорт және стрит-воркаут алаңы, 1 көпфункционалды спорт кешені және 1 хоккей корты салынды. Тимирязев және Смирнов  ауылдарында 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Тағы 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда. Сондай-ақ, 2 жабық хоккей кортының құрылысы, Кішкенекөл ауылындағы стадионға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

— Бұқаралық және балалар спортына ерекше көңіл бөлінеді. 2021 жылдың мамыр айынан бастап мемлекеттік спорттық тапсырыс жобасы іске асырылуда, облыс бойынша спорттың 19 түрі бойынша 3,2 мыңнан астам бала қамтылды. Өңірде барлығы 5 жастан 17 жасқа дейінгі 100 мыңға жуық бала бар. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің, дене шынықтыру клубтары мен мектеп секцияларының қызметі есебінен 46 мыңнан астам бала тегін спорттық сабақтармен қамтылды, — деп атап өтті Дәурен Жандарбек.

Айта кету керек, соңғы 3 жылда мәдениет саласын дамытуға бюджеттен 25 млрд.теңгеден астам қаржы бөлінді. Жалпы сомасы 8,6 млрд. теңгеге 84 жоба іске асырылды.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz