Қазақстанда газға шекті бағалардың қолданылу мерзімі алты айға ұзартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі  төрағасының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы бұйрығымен республиканың автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу туралы бұйрыққа өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды  qyzyljarnews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, газға бұрын белгіленген бағалардың қолданылуы 2023 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін ұзартылды.

ҚҚС-пен шекті бөлшек сауда бағасы әр аймақ үшін, оның ішінде шалғай аудандар үшін бөлек белгіленеді.

Мәселен, Астанада 1 литр газдың бағасы 70 теңгеге, Алматыда – 65 теңгеге, Шымкентте – 60 теңге  белгіленді.

СҚО-да-70 теңге.

Фото: ашық дереккөздерден. 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz