Қазақстандық шахматшы қыздар үздіктер қатарында

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Динара Сәдуақасова Алматыда өтіп жатқа әлем чемпионатында рапидтен күміс жүлдегер атанды. Бастапқы турларда төрт тең нәтиже көрсеткен ол содан кейін қатарынан алты рет жеңіске жетті, деп хабарлайды  qyzyljarnews.kz  тілшісі.

Қорытынды турда қазақстандық спортшы үндістандық Шри Савитамен тең ойнап, бұрынғы әлем чемпионы қытайлық Тань Чжунъимен ұпайы тең болып қалды. Екеуі жеңімпазды тай-брейкке анықтады. Қосымша екі блиц-партияда қытайлық спортшы сәтті өнер көрсетті. Нәтижесінде Тань Чжунъи рапидтен әлем чемпионы атанса, Динара Сәдуақасова вице-чемпион атағын иеленді.

Қазақстанның басқа да өкілдері жоғары нәтижелер көрсетті. Атап айтқанда, Жансая Әбдімәлік 5-ші, Алуа Нұрманова 23-ші, Әмина Қайырбекова 26-шы, Бибісара Асаубаев 29-шы орындарды иеленді.

Ерлер арасында норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен жеңіске жетті. Ол 13 турда 10 ұпай жинап, турнирдің жеңімпазы атанды.

Халықаралық шахмат федерациясы мен Қазақстан шахмат федерациясы, еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып жатққан әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 1 млн. долларды құрайды.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz