Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері өңір тұрғындарынан алыс сапарға шығуға бас тартуды сұрайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Тәртіп сақшылары ауа-райының қолайсыздығына байланысты әлеуметтік желілерде үндеу таратты. Жүргізушілерден жолдарда өте мұқият болуды, жылдамдық режімін, қажетті қашықтықты сақтауды, мүмкіндігінше ұзақ сапарлар мен жаяу серуендеуден аулақ болуды, қозғалыс бағытын алдын-ала жоспарлауды сұрайды.
Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық маңызы бар жолдар ашық. Тек Жамбыл және Айыртау аудандарындағы кейбір аудандық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді.