СҚО-ға жұмыс сапарымен еліміздің Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шәкқалиев келді

Авторы: Qyzyljar News

Облыс орталығына жұмыс сапарымен еліміздің Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шәкқалиев келді. Елордалық мейман Петропавлдағы ірі өндіріс ошақтарында болып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Өңір басшысының орынбасары Дәурен Жандарбек вице-министрге соңғы жылдары қалада ашылған зауыттардың әлеуеті жайлы баян етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Арман Абайұлы аялдаған алғашқы нысан – «Радуга» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі көкөністер, әлеуметтік және тұрмыстық тауар түрлері сақталатын қоймалар. Бүгіндері көпсалалы кәсіпорын елімізде ғана емес, жақын-алыс шет мемлекеттерде танымал. Серіктестіктің бас директоры Дмитрий Шарапаев Сауда және интеграция бірінші вице-министріне шағын экскурсия ұйымдастырды.

– «Радуга» серіктестігінде екі үлкен қойма бар. Бірінде әлеуметтік маңызды тауарлар мен тұрмысқа қажетті заттар, екіншісінде облыста өсірілген көкөністер сақталады. Зауыттарымызда шығарылған тауар мұнда жеткізіледі. Кейін осы жерден дүкен сөрелеріне жөнелтіледі. Мына үлкен қойманың аумағы 7 мың шаршы метрді құрап отыр. Ал көкөністер жатқан қойманың аумағы 2 мың шаршы метрді алып жатыр. Қазіргі күні ол 90 пайызға толық. Ондағы азық-түлік өнімдерін шілде айына дейін сақтауға мүмкіндігіміз бар, – деді Дмитрий Шарапаев.

Кейін елордалық мейман «Солтүстік фанер комбинаты», «Масло-Дел Петропавл», «Рим-Каз-Агро», Петропавл электротехникалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің де жұмысымен танысты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz