«AMANAT» партиясының облыстық филиалы Екібастұздан келген балаларға курорттық аумақта демалыс ұйымдастырды

Авторы: Qyzyljar News

35 бала бір апта бойы Ақмола облысының Зеренді ауданындағы «Парус» демалыс базасында қысқы демалыстарын өткізетін болды. Оларға 4 кеңесші және 1 медицина қызметкері бекітілген,  деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz «AMANAT» партиясының облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екібастұздан Көкшетауға қатынайтын пойызды партияның өңірлік филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Болат Данияров қарсы алды. Ол балалармен бірге Зерендіге дейін барып, оларды лагерьге орналастырды.

Балалардың демалысы «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды. Партияның облыстық филиалы балалардың саяхаты мен демалысына ақша жинады. Жиналған қаражаттың басым бөлігі демеушілердікі екенін айта кеткен жөн. Бірнеше апта бұрын бүкіл ел Екібастұз тұрғындарына жанашырлық танытты. Бүгін, қиын күндер артта қалғанда, біз демалыс кезінде балаларды қуантуды жөн көрдік, — деді Болат Данияров.

Кішкентай қонақтардың демалысы үшін мерекелік бағдарлама, спорттық және басқа да іс-шаралар дайындалды. Күн сайын би кеші, концерт, түрлі жарыс, көлде және орманда конькимен, шаңғымен сырғанау, қарда жүретін көліктермен серуендер ұйымдастырылады. Мамандар балалардың жағдайын мұқият қадағалап отырады. Партиялықтар демалыс базасының басшылығымен тұрақты байланыста болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz