Солтүстікқазақстандықтар биыл 6 млн астам көшет отырғызған

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында биыл «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында 6 млн астам ағаш отырғызылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, орманшылар облыс аумағындағы орманды алқаптардың азаюына жол бермеу мақсатында жұмыс істейді. Былтыр қолға алынған орман шаруашылығы іс-шараларының нәтижесінде облыстың орманмен жабылған ауданы 2,4 мың гектарға ұлғайды және қазіргі уақытта 442,2 мың гектарға жетіп отыр.

Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында СҚО-да орманды алқаптарды ұлғайтудың кешенді жоспары әзірленді, оның көрсеткіштері «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасына енгізілді. Мәселен биыл көктемде 837 гектар аумаққа 3,4 млн көшет отырғызылды, бұл жоспардың 56 %. Қазан айында тағы 2,7 млн көшетке толықты.

Қолдағы бар байлық – жасыл желекті өрт қауіпті маусымда аман алып қалу үшін орман мекемелерінің қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқарды. Омбы, Қорған және Түмен облыстарындағы әріптестерімен өзара іс-қимыл жоспарын бекітіп, шекара маңындағы аумақтарда бірлесіп жұмыс істеу жөнінде келісімге отырды. Қазіргі уақытта облыстың орманшылары 27 өрт сөндіру автомашинасымен жабдықталған, 85 трактор, патрульдік автомобильдер және басқа да жабдықтар бар. Облыстың орман шаруашылықтары нормалар мен нормативтерге сәйкес 87 % материалдық-техникалық жарақтандырылған.

Биыл жергілікті бюджет есебінен 109 млн теңгеге 9 трактор мен тіркеме сатып алынды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz