Петропавлда мереке күндері «102» арнасына 1,6 мыңнан астам телефон қоңырауы түсті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл полицейлері мереке күндері күшейтілген режімде қызмет атқарды. Төрт күнде тек «102» арнасына ғана 1600-ден астам қоңырау түскен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz  тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығында азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін тәулік бойы 200-ден астам полиция қызметкері қамтамасыз етті. Нәтижесінде, жылдың соңғы күні — жаңа жыл түні тыныш өтті. Петропавл қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының бастығы Ерік Құлжановтың айтуынша, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні «102» пультіне 389 рет телефон қоңырауы келіп түскен. Соның 91 жағдайы полиция қызметкерлерінің жедел ден қоюын қажет етті.

Жалпы, мереке күндері, 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында полиция қызметкерлері 1600-ден астам телефон қоңырауын қабылдады. Оның ішінде 479 хабарлама – жасалған қылмыстар мен оқиғалар туралы; 21-і – жол-көлік оқиғалары бойынша; түнгі уақытта тыныштықты бұзу бойынша – 17 қоңырау түскен. Сондай-ақ отбасылық жанжалдарға қатысты 45 қоңырау және ұрлық фактілері бойынша 26 хабарлама тіркелді.

Петропавл қалалық жедел басқару орталығының кезекші бейнебақылау инспекторлары мереке күндері 61 әкімшілік құқық бұзушылықты; жол жүрісі қағидаларын бұзудың 26 фактісін және қоғамдық орындарда ішімдік ішіп, мас күйде жүрудің 35 дерегін тіркеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz