Уақытында салық төлемеген петропавлдықтардың көліктері жаппай айып тұрағына жіберілуде

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі бірінші сәуірде аяқталды. Алайда, солтүстікқазақстандықтар міндетті төлемді жасауға асығар емес. Мемлекеттік кірістер басқармасы мамандарының мәліметінше, 5 мың жуық адам салық төлемей, қарызы 250 миллион теңгеге жуықтаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Берешекті өндіріп алу үшін Петропавлда арнайы рейд басталды. Нәтижесінде мамандар Toyota автокөлігінің иесін тоқтатты. Көлік иесінің мемлекетке 344 мың теңге берешегі бары белгілі болды. Салықты уақытында төлемегендіктен, оның темір тұлпары айыппұл тұрағына қойылды.

-Жеке сот орындаушыларына көлік иесінің салықты төлемей жүргені туралы материал осыдан бір апта бұрын келді. Осы уақыт аралығында азаматқа ескерту де жасадық. Дегенмен, қала тұрғыны сол күйі төлемеді. Сондықтан оны іздеуімізге тура келді. Енді жүргізушінің темір тұлпарын айып тұрағына қоямыз. Ал оны тек қарызын өтеген соң ғана алып кете алады. Осындай шара қолданбасақ, басқа амалымыз қалмады, — дейді сот орындаушысы Гүлнәр Күзембаева.

Қолында ақшасы болмағандықтан, қарызын төлей алмай жүрген қалалық он күн ішінде берешегін өтейтінін айтты.

-Рейд басталғанына 2-3 күн болып қалды. Қазір біз көбіне қарызы 30 мың теңгеден асатын көлік иелерін анықтап, жауапкершілікке тартып жатырмыз. Яғни, олардың автокөлігін айыппұл тұрағына жеткіземіз. Осылай жасауға мәжбүр болдық. Өйткені, басқа жолмен олардың қарызын өндіріп алу мүмкін болмай тұр, — дейді Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Айбек Жамбетов.

Азаматтар салық бойынша берешегі бар-жоғын kgd.gov.kz порталы арқылы немесе E-Salyk Azamat мобильдік қосымшасы арқылы біле алады. Ал төлемді кез келген мобильдік банк арқылы жасауға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz